Жергілікті өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, ұшақ апатынан кемінде екі адам қаза тапқан. Автобус жолаушыларының бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар жанып жатқан көліктен аман-есен шығарылған.
- Қаза болған екі адамның мәйіті Beech F90 King Air ұшағының фюзеляжынан табылды, - деп хабарлады G1 басылымы.
Айта кетейік, бұған дейін Вашингтонда өзеннен әскери тікұшақ қалдықтары табылды. Сондай-ақ Америка билігі Аляска штатында із-түзсіз жоғалып кеткен ұшақты іздестіріп жатқанын хабарлаған едік.