Бұл компанияның аталмыш борышкерлік бағалы қағаздарды алғаш рет орналастыруы.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, екі жүзден астам инвесторлардан түскен тапсырыс мөлшері 3,3 млрд. долларды құраған. Бондтардың 35% - Ұлыбритания, 33% - АҚШ, 13% - Қазақстан, 15% - құрлықтық Еуропа инвесторлары сатып алды. Бағалы қағаздар Ирландия және Қазақстан қор биржаларында листингтелді.
«Осы мәміле қазақстандық эмитенттің осыншалық ұзақ айналымдағы қағазына құны бойынша рекордтық төмен дебюттік борышкерлік шығарылымын тіркеді» - делінген баспасөз баянында.
Тартылған қаржы Агроөнеркәсіп саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
2011 жылы құрылған «ҚазАгро» компаниясының бірден-бір акционері - Қазақстан Үкіметі.
14:20, 21 Мамыр 2013
«ҚазАгро» 10 жыл мерзімге 1 млрд. доллардың еурооблигацияларын шығарды
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 10 жыл мерзімге жылдық үстемақысы 4,6 пайызбен 1 млрд. доллардың еурооблигацияларын шығарды, деп хабарланды «Халықтық IPO» бағдарламасының ресми сайтында.