«ҚазАгро» 50 млрд. теңгеге 75 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ 50 млрд. теңгеге 75 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында холдингтiң басқарушы директоры Айгүл Мұхамедиева мәлiм еттi.

«Биыл 75 инвестициялық жобаны тағайындау көзделуде. Қазiргi уақытта 30 жоба жүзеге асырыла бастады. Жалпы сомасы 50 млрд. теңге шығады», - дедi ол.

А. Мұхамедиеваның сөзен қарағанда, инвестициялық жобалар өмiрге енгiзiлгеннен соң, жемiс-жидек импорты 76 пайызға, ет импорты 30 пайызға кемидi. Индустриаландыру картасында 106 жоба холдингтiң қаржыландырылуымен жүзеге асып жатыр. Олардың жалпы құны 159 млрд. теңгенi құрады. Шамамен 6 мың жұмыс орны ашылды.

«Ал жалпы Ұлттық қордың қаржыландыруымен 161 жоба пайдалануға берiлдi. Олардың жалпы құны 142 млрд. теңгенi құрады», - дедi ол.