«Мемлекет басшысы биыл да, одан кейінгі жылдары да көктемгі егіс науқаны шараларын дер кезінде ұйымдастырудың аса маңызды екенін қадап айтты. Осыған байланысты, республикалық бюджеттен несиеге арналған 60 млрд. теңге бөлініп, ол «ҚазАгроға» берілді. Одан әрі холдинг осы қаражатпен агроөнеркәсіп кешендерін несиелейтін болады» - деп түсіндірді ол.
Д. Мақажановтың айтуынша, 2015 АӨК нысандарын қаржыландыруға бірнеше арналар тартылатын болады.
«АӨК-ін қаржыландыруға биыл да, былтырғы сияқты, азық-түлік келісімшарт корпорациясы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар тартылады», - деді ол.
Аталған арналар бойынша 17 млрд. 650 млн. теңге бөлінеді және қазіргі уақытта өтінімдер келіп жатыр.
«Менің ойымша, осы аптаның соңына дейін аталған бағдарлама бойынша алғашқы несиелерді бере бастаймыз», - деп түйді холдинг басшысының міндетін атқарушы.