«ҚазАгро» биылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарына 100,6 млрд. теңге жұмсайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райы жағдайына қарамастан республикада егін егу жұмыстары аяқталып келедуі. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауа райы қолайсыздығына тәуелділігін төмендету мақсатында барынша қолдау көрсету жұмыстарын атқаруда. Бұл туралы холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, ағымдағы жылдың көктемгі егіс және астық жинау науқандарына «ҚазАгро» Ұлттық холдингі жалпы 100,6 млрд.теңге сомасын жұмсайды. Бұл көрсеткіш республиканың агросаласындағы маусымдық жұмыстарды қаржыландырудың өткен жылдағы көрсеткішінен 16 пайызға жоғары.

Бұдан бөлек астық жинау науқанын жүргізуге аграршыларға көмек ретінде отандық өндірістегі отандық комбайндарды жеңілдетілген шарттар бойынша алуға «Егін-2015» бағдарламасы енгізілетін болады. Бұл бағдарлама бойынша шарттар 7 жыл мерзіміне аванстық төлемді 10 пайыз көлемінде кейінге шегеру арқылы 2015 жылдың 15 қарашасына дейін ұзартуды көздейді. Осы орайда «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша субсидиялауды ескере отырып сыйақы мөлшерлемесі 6,4 пайызды құрайды. Сонымен қатар, аталған шаралар бидай тазалау және бидай кептіру жабдықтарын лизингке алу үшін де қолданылатын болады.

Бұған дымқыл бидайды кептіруге байланысты Қостанай облысындағы - «Восток-1» ЖШС шаруашылығын мысалға келтіруге болады, аталған шаруашылық «ҚазАгро» холдингінің жеңілдетілген бағдарламаларымен екі жыл бұрын осы жабдықтарды иемденген. Жұмыстың бірінші маусымында кәсіпорын алты мың тонна бидай кептірді. Өткен жылдың жаңбырлы күзінде басқа кәсіпорындар ылғал астықпен қиыншылықтар көріп жатқанда «Восток-1» өзінің кешенінде 16 мың тонна астықты кептіру жұмыстарын жүргізді!

«Жаңбыр мен қар астында қалған 30 пайыздық ылғалды бидайды кептірдік. Мұндайды ешқашан көрмеген едік. Шығындар элеватордың қызметтерінен әлдеқайда төмен, сонымен қатар қалдықтар малға азық ретінде қолданылды. Кептіру құралдары болмағанда, біз жылды шығындармен аяқтар едік», - шдеді аруашылық басшысы Жамбыл Амантаев өз сөзінде. Ағымдағы жылы да егін науқанын уақытылы жүргізу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы алынған «Восток-1» ЖШС-ның егін кешендері көмектесті.

Аграрлық шараларды жүргізуді қолдау «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниялары арқылы түрлі қаржылық құралдар арқылы жүзеге асырылады: бидайды форвардтық сатып алу, екінші деңгейлі Банктердің кепілдігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін несиелендіру, несие серіктестерін несиелендіру, ауыл шаруашылық техникасының лизингі және тағы басқалар. Фермерлердің қаржылық құралдарына қолжетімділігін арттыру мақсатында өткен жылдағыдай Холдинг ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді несиелендіру үшін ЕДБ қорландыру құралын қолдануда. Бағдарламада қатысушы банктердің саны өткен жылмен салыстырғанда екі есе өскенін - 4-тен 8 дейін атап өткеніміз жөн. Банктер арқылы қаржыландырудың жалпы көлемі 33,5 млрд.теңге сомасын құрайды. Бүгінгі күні соманың 99 пайызы игерілді.

Жалпы қазіргі уақытта «ҚазАгро» холингінің несиелік бағдарламалары бойынша 65 млрд. теңгеден астам сомасына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен келіп түскен 3000 өтінім қаржыландыруға мақұлданды. Егін егу алқабы 6,3 млн. га жерді құрайды, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 17 пайызға жоғары. Көткемгі егіс жұмыстары аясында «ҚазАгроҚаржы» компаниясы 8,7 млрд. теңге сомасына 994 бірлік ауыл шаруашылық техникасын лизингке алу өтінімдерін қаржыландырды. Астық жинау техникасын алу бойынша 9,1 млрд. теңге жалпы сомасына 1 156 комбайндарын иемденуге өтінімдер қабылданды, жалпы сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайтын 614 комбайнға қаржылық лизинг шарттары жасалды.