Холдингтің ұжымына жаңа орынбасарды басқарма төрағасы Дулат Айтжанов таныстырды.
Дәурен Сәбитұлы Мақажанов 1980 жылғы 19 наурызда Оңтүстік-Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Әртүрлі жылдары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде: Петропавл қаласындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалында; Алматы қаласында «АТФ Банк» АҚ; Астана қаласында «Альянс Банк» АҚ-да қызмет атқарды. 2011 жылға дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Жаңа тағайындалуға дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болды.