Бұл туралы «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысына холдинг қаржысының есебінен 883 бас ІҚМ әкелінді.
2014 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялары облыстың агроөнеркәсіптік кешенін қолдауға 17,8 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады, бұл холдингтің жалпы республика бойынша қаржыландыру көрсеткішінің 17 пайызын құрайды /101,6 млрд.теңге/. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша агросаланы қаржыландырудың жалпы көлемі 30 млрд. теңгені құрады.
«ҚазАгро» холдингінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша инвестициялық қоржынында 15,2 млрд. теңге сомасына 48 жоба бар, бұл 1019 жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді, сондай ақ оның 11,4 млрд. теңге сомасына 37 жоба пайдалануға берілді және 864 жұмыс орындары құрылды. Сонымен бірге республиканың ауыл шаруашылығы саласында жалпы көлемі 265,7 млрд. теңге сомасына 424 жоба қаржыландырылуда.
Облыс бойынша іске асырылған инвестициялық жобалардың ішінде: сүт өңдеу зауытын құру, 5000 бас ІҚМ арналған «Зенченко және Компания» фирмасы; 2000 бас ІҚМ арналған «Тайынша-Астық» ЖШС сүт-тауар фермасы, 200 бас аналық басқа арналған асыл тұқымды шаруашылық құру /репродуктор/ «Мәмбетов және компания»; «Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС репродукторын құру; «Егін» ЖШС-да макарон және жайма өндірісі; 83 га жерге көкөніс өнімдері өндірісін құру /пияз/ бойынша «Астык-STEM» ЖШС; бір уақытта 10 мың тонна астық сақтау бойынша «Заградовское» ЖШС астық сақтау қоймасы» сияқты инновациялвық жобалар бар.