«ҚазАгро» Қазақстанның аграрлық саласына 600 млн. еуро тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі (ҚазАгро) 15 мамырда бұрында 2 млрд. АҚШ доллары сомасына тіркелген Облигация Шығару Бағдарламасын қолданып, 3,255% жылдық мөлшерлемесі бойынша 5 жылдық мерзімге 600 млн. еуро сомасына еурооблигация шығарылымын орналастыруды жүзеге асырды.

Бұл ҚазАгроның халықаралық капитал нарығына екінші шығарылымы болды және 2007 жылдан бергі еуродағы алғашқы шығарылым. Жаңа шығарылымның бірлескен ұйымдастырушылары - Citi,HSBCи The Royal Bank of Scotland, ал қағаздардың ішкі нарықтағы ұсынысы «Цесна Капитал» АҚ көмегімен жүзеге асты, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі. .

12 мамырдан 14-іне дейін ҚазАгроның негізгі халықаралық институционалды инвесторлармен Франкфуртте, Мюнхенде, Лондонда, Амстердамда және Парижде бірқатар кездесулері өтті. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы және әлеуметтік-экономикалық дамудағы ҚазАгроның ауыл шаруашылық саласындағы маңызды стратегиялық рөлі туралы жағымды пікірлер айтылып, жалпы қолайлы нарықтық жағдай мен Ресей Федерациясынан ұзақ мерзімді эмитент шығарылымының болмауы Холдингке еуропалық институционалды инвестрорлар жағынан салаға жоғары қызығушылық пен шығарылым тартуға мүмкіндік берді.

Бірқатар халықаралық мамандар ҚазАгроның жаңа шығарылымын үлкен жетістік ретінде бағалады, сондай-ақ Қазақстанның өзге квазимемлекеттік эмитенттерінің қатарында Холдингтің мәртебесін бірінші класты қарыз алушы етіп, сонымен қатар капиталдардың ғаламдық нарықтарында ҚазАгроның беделін нығайтты.

Орналастыру нәтижелеріне түсінік берген «ҚазАгро» Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов: «Біз Холдингтің еурооблигацияларының кезекті орналастыру жұмысының аяқталуына қанағаттанамыз. Әлемдік капитал нарығындағы тұрақты жағдайы және ҚазАгроның қысқа мерзімде дайындық жұмыстарының жүргізілуі өзінің қарыз қоржынында валютаны диверсификациялау үшін еурода орта мерзімді қаражатты тартуға мүмкіндік берді және Қазақстан тарихында барынша төмен ставка бойынша бірқатар қаржы ресурстарын тартты. Орналастырудан түскен қаражат «Агробизнес-2020» 2013-2020 жылдары Агроөнеркәсіптік даму бағдарламасы шеңберінде мемлекетпен мақұлданған ұзақ мерзімді басым жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады»,-деп атап өтті.