Көрмеге Австрияның, Беларусьтің, Бразилияның, Германияның, Италияның, Канаданың, Оңтүстік Кореяның, Нидерландының, Польшаның, Ресейдің, АҚШ-тың, Түркияның, Украинаның, Францияның және Қазақстанның аграрлық өнеркәсібінің 200-ден астам компаниясы қатысады деп күтіледі. Көрменің қатысушылары мен меймандары үшін ұйымдастырушылар өнімдерді аумағы 14 000 мың шаршы метр болатын алаңда орналастыратын болады.
Сонымен қатар, шара аясында мазмұнды іскерлік бағдарламалар өткізу де жоспарда бар.