«Өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады. Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің Инвестициялық жобалар және несиелік әдіснама департаментіне хабарласу керек», делінген баспасөз баянында.
Еске салайық, агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінді. Ал 2015 жылы егін жұмыстарын қолдауға екінші деңгейлі банктерге 35,1 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Олардың игерілуі мен қайтарылуы 100 пайызды құрады.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына: «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.
17:10, 28 Ақпан 2016
«ҚазАгро» көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға екінші деңгейлі банктерден өтінімдер қабылдай бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі 2016 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканың ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деңгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды бастады. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.