ҚазАгро қызметіне ауқымды реформалар жүргізіледі - ҚР АШМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАгро» холдингі өз қызметін реформалау нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдаға шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Министрлік мәліметтеріне қарағанда, ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың 2019 жылдың 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында бергентапсырмасын орындау мақсатында «ҚазАгро»холдингі» ҰБХ» АҚ қызметін реформалау және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шараларкешені қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ оның басшылығына нақты тапсырмаларберілді.

Атап айтқанда болашақта холдингтің еншілескомпанияларының санын қысқартып, бірін-бірі қайталайтын функциялардың ара-жігін ажырату арқылы ықшам ұжымқалыптастыру көзделіп отыр. Сондай-ақ холдингтің басқару органдарына шетелдіксарапшыларды тартып, штатты оңтайландыру және холдингтің операциялық шығыстарынқысқарту жөніндегі жұмыстар жалғаса бермек.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағытталғанбюджеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етіліп, ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тиімді несие өнімдерін әзірлеу, несиеберу процесін барынша автоматтандыру және несие өтінімдерін қарау уақытынқысқарту міндеттері алдыға қойылып отыр.

ҚазАгро басшылығы Үкіметті еңбек өнімділігін және АӨКөнімін экспорттауды арттыруға, жеке инвестициялар мен инновациялықтехнологияларды тартуға, сондай-ақ ауылда жаңа бизнес бастамаларды дамытуғабағытталған 10 жылдық кезеңге арналған холдинг стратегиясының жобасын әзірлемек.

«Несие қоржынының сапасын жақсарту және тоқтап тұрғанжобаларды сауықтыру бойынша шаралар пакеті қабылданды. Осы реформалардыңнәтижесінде холдинг қысқа мерзімде ықшам және тиімді қаржы институтына айналады.ҚазАгро өз қызметінің нәтижелілігін арттырып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда алуды жоспарлапотыр»,- делінген хабарламада.