Бұл туралы Холдингтің баспасөз қызметінен хабарлады.
Етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі жобаның іске асырылуына бақылау жасау, сондай-ақ мүмкін болатын проблемаларды анықтап, олардың алдын алу мақсатында барлық облыстарда атқарылып жатқан жұмыстарды талқылау бойынша кезеңдік селекторлық кеңестер жиі-жиі өткізіліп тұрады. Б. Бейсенғалиевтің Жамбыл облысына сапары осы мақсатты тұтты.
«ҚазАгроның» басшысы етті мал шаруашылығын дамыту бойынша жобаның мәнісін түсіндіріп, оның аясында жүргізілген жұмыстар, нәтижелер мен алдағы жоспарлар туралы айтып берді.
Жоба - бизнес-бірліктердің кешенін құруды көздейді, бұлар: бордақылау алаңдары, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтар, фермерлік шаруашылықтар.
Жобаның шеңберінде жақын арадағы бес жыл ішінде бір мезгілде 150 мың бас малды қамтитын бордақылау алаңдарының желісін құру жоспарланып отыр, атап айтқанда Жамбыл облысында - 10 мың бас сиятын төрт бордақылау алаңы құрылады.
Сонымен қатар, қолдағы етті бағыттағы тұқымдық материалдың қойылған міндетті үдемелі шешуге жеткіліксіз екендігін ескере отырып, асыл тұқымды репродуктор шаруашылықтардың желісін құру жоспарлануда, оның шеңберінде 2012 жылы Жамбыл облысына 1 мың бас шетелдік ірі қара мал әкелу жоспарланды.
Жобаның бұдан басқа басты мақсаты - тауарлы табынның тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту болып табылады.
Жамбыл облысында дистрибьюторлық орталық жұмыс істейді («Асылдандыру-Тараз» ЖШС), онда етті бағыттағы 21,6 мың мөлшерлі ұрық бар. Жасанды ұрықтандыру бойынша 115 пункт жұмыс істейді, олар криогендік жабдықтармен және қажет материалдармен жарақтандырылған.
Төлдейтін аналық малдарды ұрықтандыру үшін, соның ішінде сүтті табын үшін жергілікті бюджеттен 20,6 млн. теңге қаражат бөлінді.
Осы ретте жобаны табысты іске асырудың басты шарттарының бірі мал шаруашылығымен айналысатын фермерлік шаруашылықтарды дамыту болып табылады. Бұл үшін Холдинг «Сыбаға» бағдарламасын әзірледі, оның айналасында фермерлік шаруашылықтар ІҚМ сатып алу үшін несие қаражатын ала алады. Несиелеу кезіндегі пайыздық ставка жылына 6 пайызды құрайды.
Қазіргі таңда осы бағдарламаның шеңберінде 28,2 мың төлдейтін мал басын сатып алуға өтінімдер қабылданды. Жамбыл облысының фермерлік шаруашылықтарынан 1200 бас ІҚМ сатып алуға өтінім қабылданды, соның ішінде 700 басты сатып алуға түскен өтінімдер бүгінгі күні мақұлданды.
Ағымдағы жылы фермерлік шаруашылықтардың алдында 40 мың бас ІҚМ сатып алу міндеті тұр, атап айтқанда оның 5 мың басын Жамбыл облысының шаруашылықтары сатып алуы жоспарлануда.
2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі аралықта жалпы 224 мың ІҚМ басы бар фермерлік шаруашылықтардың желісін құру жоспарлануда.
Өз кезегінде «ҚазАгро» ІҚМ сатып алу бойынша фермерлік шаруашылықтардың өтінімдер санын арттыру үшін қарыз алушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетті. Малдың қолдағы саны бойынша талап сатып алынатын мал басының 50 пайыздан 25 пайызға дейін қысқартылды.
Сонымен қатар, осы бағдарламаға қолында малы жоқ ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің де қатысуы қарастырылуда - олар 25 пайызға дейінгі қоса қаржыландырумен несиелендіріле алады.
Кеңес аяқталғаннан кейін «ҚазАгроның» басшысы Б.Бейсенғалиев Жамбыл облысындағы «Сыбаға» бағдарламасына алғашқы болып қатысушылардың бірі - Байзақ ауданындағы «Ниет» шаруа қожалығында болды.
Қолында 25 бас ІҚМ бар «Ниет» шаруа қожалығына Холдингтің еншілес компаниясы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен 42 бас ІҚМ сатып алуға 8,5 млн.теңге сомасында несие беру мақұлданды.