Аталған инвестициялық бағытты қаржыландырудағы жаңалық - жабдықтарды қаржыландыру тізіміне жаңбырлату жүйелері, сондай-ақ жобаларды республиканың барлық аймақтарында іске асыру мүмкіндіктері кіргізілді.
Инвестициялық бағытты қаржыландыру бойынша оператор - еншілес компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ болып табылады.
Инвестициялық жоба суару жүйесін енгізуді, сондай-ақ жабдықтаушы жобаның міндетті түрде 1 жылдан астам уақыт бойы агрономиялық және техникалық сүйемелденуін қарастыруы қажет.
Басымдық тұйық бизнес-циклды көздейтін сондай-ақ, өндірісті, алғашқы өңдеуді (жуу, сұрыптау) және буып түюді қарастыратын; ауыл шаруашылығында оң тәжірибесі бар АӨК субъектілері іске асыратын; өнімді экспорттауға бағдарланған жобаларға беріледі.
Әлеуетті қарыз алушыларды несиелеу келесідей шарттармен жүзеге асырылады:
- құрылыс-монтаждық жұмыстарға, жабдықтар мен техникаға, айналым қаражатына сыйақы мөлшерлемесі - жылына 6 пайызбен!
- несиелеу мерзімі - 10 жылға дейін (айналым қаражатына - 4 жылға дейін);
- қоса қаржыландыру - жобаның құнынан 15 пайыздан кем емес;
- кепілдемелік заттың болуы міндетті;
- жеңілдікті кезең - 2 жылға дейін.