«ҚазАгро» Ұлттық холдингі 30,2 млрд. теңгеге еліміздегі 26 құс фабрикасы жобаларын қаржыландырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның АӨК саласында «ҚазАгро» қаржылық институттары арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының құрылысымен байланысты 26 жоба қаржыландырылды, оның жиынтық өнімділігі 85 мың тонна құс еті мен 654,1 млн. дана жұмыртқаны құрады. Жалпы қаржыландыру сомасы - 30,2 млрд.теңге, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметінен.

Саланың дамуы туралы құс өсірушілер одағының басшысы өз пікірін Алматы облысындағы ет бағытындағы «Сарыбұлақ» ЖШС жаңа құс фабрикасында республикалық БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған кездесу барысында айтты. Жуырда айтылғандай, қуаттылығы 20 мың тонна құс етін шығаруға жететін жоғар технологиялы құс фабрикасы алғашқы 10 мың тонна өнімін шығарды және оны республиканың аймақтарына, сонымен қатар көршілес Ресейдің Омбы, Новосібір қалаларына жеткізуін бастады. Алғашқы кезеңдегі жобаның жалпы құны 7,4 млрд. теңгені құраған кәсіпорын «ҚазАгро» арқылы қаржыландырылған.

«2010 жылдан бері Қазақстанның құс шаруашылығы саласында отандық құс фабрикалары өндірісінің өсу қарқыны 136,4 пайызды құрады. Саланың даму қарқынына «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауы оң әсерін тигізді», - деді Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов. Қоғамдық бірлестік басшысының сөзіне сәйкес, 2010 жылы елімізде ет бағытындағы 12 құс фабрикасы болған, қазіргі уақытта 19 фабрика жұмыс істеуде. Бүгінгі күні құс шаруашылығы Қазақстанда мал шаруашылығындағы ең дамығын салалардың бірі болып табылады. Компанияның құс фабрикаларында бүгінгі күні 550 адам жұмыспен қамтылған, сонымен қатар кәсіпорын өндіріске түрлі жем түрлерін жеткізетін (бидай, соя, күнбағыс және т.б) 60-тан астам фермерлік шаруашылықтарды жұмыспен қамтиды. Жалпы, бүгінгі күні ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуымен байланысты бағдарламалар операторы «ҚазАгро» АҚ холдингінің қаржылық институттары арқылы ет және жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларының құрылысымен байланысты 26 жоба қаржыландырылды, оның жиынтық өнімділігі - 85 мың тонна құс еті және 654,1 млн. жұмыртқа. Жалпы қаржыландыру сомасы - 30,2 млрд. теңге. ҚР АШМ мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта республикада өндірістік құс шаруашылығымен 56 құс фабрикасы айналысады, оның 37 - жұмыртқа бағытында және 19-ы - бройлер бағытында. 2014 жылы барлық санаттағы құс басы 3,0%-ға өсіп, 35 181,9 мың басты құрады, құс фабрикаларындағы құс санының өсуі - 6,5% болып, 22 821,8 мың басты құрады. 2015 жылдың басындағы мәліметтер бойынша «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің инвестициялық қоржынында 309,1 млрд. теңге сомасына 477 инвестициялық жоба бар. Оның 221,4 млрд. теңгесіне 365 жоба іске қосылды, соның ішінде 2014 жылы - 73 инвестициялық жоба қолға алынды. 2015 жылы құны 50 млрд. теңгені құрайтын 75 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.