Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы 1959 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданының Ақкөл ауылында туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмамдаған. Мамандығы - экономист-ұйымдастырушы.
1983 жылы еңбек жолын Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі болудан бастаған; Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтында кіші және аға ғылыми қызметкер, Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының Бас ғылыми хатшысы, Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінің Бас директоры, ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі бастығының бірінші орынбасары, Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының Бас директоры, Аграрлық ғылымдар бойынша Ғылым академиясының вице-президенті, ҚР Ғылым министрлігі Ғылым академиясының вице-президенті, ТҚХК түрік тілді елдердің интеграциялық байланысын зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарған.
2007 жылы мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысындағы аумақтық басқарма бастығы -Тәртіптік кеңестің төрағасы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.