«Соңғы уақытта өздерін «ҚазАгроҚаржы» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, қарыз алу үшін құжаттарды ресімдеуге көмектерін ұсынатын үшінші тұлғалардың алаяқтық іс-әрекеттері тіркелгендігін назарларыңызға жеткіземіз. Сіздерден алаяқтардың қасақана жасаған арандатушылық әрекеттеріне ермеулеріңізді сұраймыз!
«ҚазАгроҚаржы» АҚ құжаттарды жинау, қабылдау және өңдеу жұмыстарын тек облыс орталықтарындағы және Қазақстанның ірі қалаларындағы өзінің ресми өкілдіктерінде - «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарында, сондай-ақ Астана қаласындағы орталық аппаратында ғана жүргізетінін ресми түрде мәлімдейді. Сіздерден қырағылық көрсетіп, алаяқтардың жетегінде кетпей, сақ болуларыңызды сұраймыз!», делінген хабарламада.
Барлық сұрақтар бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан бойынша филиалдарына, сондай-ақ біздің www.kaf.kz. ресми сайтымызда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау соғуға болады.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ 1999 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сондай-ақ лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторына қолдау жасау.