«Бүгінгі таңда компания көкөніс сақтау қоймаларын құру бойынша жалпы құны 3,5 млрд. астам теңге болатын 16 жобаны бекітті. Олардың жиынтық сыйымдылығы - 73,6 мың тонна. Оның 4-еуі пайдалануға берілді», - дейді А. Жұбашев.
Оның атап өткеніндей, жыл соңына дейін елде тағы 10 көкөніс сақтау қоймасын тапсыру көзделіп отыр.
Жалпы осы мақсатқа 2009 жылы Ұлттық қордан 7 млрд. теңге бөлініп, олардың барлығы толығымен игерілген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, елде жиынтық сыймдылығы 661,4 мың тонна болатын 677 көкөніс сақтау қоймасы бар.