деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. Бұл соманың 35 миллиард теңгесі Ұлттық қор қаражатынан қарастырылып отыр. Қаражат ауыл шаруашылығы техникалары мен арнаулы техникалар, қайта өңдеу жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруға бағытталады.
Республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына 86 миллиард теңге сомаға 70 өтінім келіп түсті. Оның ішінде бүгінгі таңда ірі-тауарлы сүт фермаларын құру бағытында Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының шаруашылықтарынан келіп түскен 3 өтінім мақұлданды. Сонымен бірге ет бағытындағы құс фабрикасын салуға 6 өтінім, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру бойынша 2 өтінім мақұлданды. Көкөніс қоймаларын салу бағыты бойынша 5 жоба, жылыжай кешендері бойынша 4 жоба және тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша 1 жоба мақұлданды. Оның ішінде 11,8 миллиард теңгеге 13 жоба қаржыландырылып та қойылған.
Қорыта келгенде, жалпы сомасы 22,6 миллиард теңгенің 21 жобасы мақұлданған. Қазіргі кезеңде 30,7 миллиард теңгенің 24 жобасы қаралу үстінде.
«ҚазАгроҚаржы» - ҚР Үкіметінің қаулысымен 1999 жылы құрылған компания. Негізгі мақсаты - ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ құрамына енеді.