Қаржылық сауықтыруға 2014 жылдың 1 қаңтары күніне екінші деңгейлі банктердің және лизингтік компаниялардың немесе өзге де ұйымдардың алдында қарыздары бар агроөнеркәсіптік кешен субъектілері қатыса алады.
Субъектілердің қарызы 9 жылға дейінгі мерзімге қайта құрылымдалуы (қайта қаржыландырылуы) және қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі теңгеде 7%-ға және шетелдік валютада 5%-ға төмендетілуі мүмкін. Қаржылық сауықтыруға қатысуға ниет білдірген қарызгерлер қарыз алған екінші деңгейлі банктерге, лизингтік компанияларға немесе өзге ұйымдарға өтінім беруі тиіс. Қаржылық сауықтыру Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №9-1/320 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.