Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр мен Министрлер кабинеті мүшелеріне ұлттық холдингтің қызметі кеңінен баяндалғанын атап өткен ол: «Бүгінде холдингтің инвестициялық портфелінде жалпы құны 263 млрд. теңге болатын 417 жоба бар. Жалпы құны 198 млрд. теңге болатын 310 жоба пайдалануға берілді. 160 жоба 70 пайыздан асатын өндіріс қуаттылығына шықты, 11 мың жұмыс орны құрылды. 1 жұмысшының өнімділігі 13 мың долларды құрады. Бұл ортасалалық өнімділіктен 4 пайызға артық», - деді.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылы холдинг 68 жобаны іске қоспақ. Оның 20-сы ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында пайдалануға берілді.
«Біз Үкіметті 1 жобаның жобалық қуатына шыққандағы тиімділігі жайында ақпарат бердік. 1 жоба өз қуатына шыққаннан кейін тауық еті импортының көлемін 20 пайызға, сүт және сүт өнімдері импортын 6 пайызға, жеміс-жидек өнімдері импорты көлемін 4 пайызға төмендететін болады», - деді ол.