«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы ауысты
17:40, 01 Тамыз 2017
             АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып  Асыл Сағымбеков тағайындалды, деп хабарлады Kazpravda.kz.
                Бұрын ол «Вечерний Алматы» газетінде бас редактордың орынбасары болған. Әр жылдары «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігінде, «Труд» газетінде және «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істеген.
Басылымның бұрынғы бас редакторы Татьяна Костина зейнеткерлікке шықты.