«Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болған Татьяна Костина дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұзақ жылдар бойы «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болған Татьяна Костина дүниеден өтті. Ол 67 жаста еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Татьяна Васильевна Костина – танымал журналист. 2003 - 2017 жылдары «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы қызметін атқарды. «Құрмет» ордені, «Еңбек ері» және «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталып, «Нұр Сұңқар» сыйлығының лауреаты атанған.

«ҚазАқпарат» ХАА редакциясы марқұмның туғандары мен жақындарына көңіл айтады.