Қазақ агротехникалық университетінде «Тіл - тағылым тұтқасы» атты кеш өтеді
17:38, 24 Ақпан 2010
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тіл - тағылым тұтқасы» атты салтанатты кеш өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш оқу орнының қазақ тілі кафедрасының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған кешке қоғам қайраткерлері, белгілі ақын-жазушылар, Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының және «Руханият» орталығының өкілдері қатысатын болады.