Министрдің айтуынша, бұл жоғары оқу орны Қазақ-алман университетінің үлгісімен құрылуы мүмкін.
«Біз жеке жұмыс тобын құрып, мәселені сол алаңда талқылаймыз. Сондай-ақ өңірлердегі жоғарғы оқу орындарында мықты франциялық университеттерді тарта отырып, зерттеу кафедраларын ашу мәселесін талқылаймыз. Франциялық университеттерден келген делегациялар да біздің елде жүр. Алматы қаласында 3 күн бойы екі ел ректорларының форумы өтеді», - деді министр.
Еске салайық, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді. Бұл – Франция басшысының Астанаға жауапты сапары. Өткен жылдың 29-30 қарашасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде болған еді. Келіссөздер нәтижесінде сауда-экономикалық, аэроғарыш, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, агроөнеркәсіп, атом және энергетика салаларындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған 35 құжатқа қол қойылды. Олардың арасында Жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық ниеті туралы декларация да болды. Қазақстан мен Франция білім беру және ғылыми орталықтар арасындағы байланыстарды белсенді дамып жатыр. 2014 жылдан бастап Сорбонна-Қазақстан институты жұмыс істейді. Францияның үш білім ошағы – Пуатье университеті, Лотарингия университеті және Страсбург университетімен серіктестік белсенді дамып келеді.
Франция президенті Астанаға сапары аясында еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі – Maqsut Narikbayev University студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Сұрақ-жауап форматында Э. Макрон мен студенттер Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.