Қазақ анимациясын дамытудың бес жылдық жоспары әзірленіп жатыр

Фото: Фото: Ділшат Рахматуллин

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде жыл сайын 5-7 анимациялық фильм түсіріп, прокатқа шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. 

— Маңызды міндеттердің бірі — балаларға арналған сапалы анимациялық контент әзірлеу. Осы орайда «Қазақфильм» киностудиясы қазақ анимациясын дамыту бойынша 5 жылдық жоспар әзірлеп жатыр, — деді Аида Балаева елордада өткен ардагерлер кеңесінің пленумында.

Министрдің пайымдауынша, жылына 5-7 анимациялық фильм шығару жоспарда бар.

— Сонымен қатар Президенттің Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында берген тапсырмасы аясында «е-Кино» бірыңғай мониторинг жүйесі әзірленді. Бұл жүйе кино саласындағы ашықтықты арттыруға, ел бойынша кассалық түсімдердің әділ бөлінуін қамтамасыз етуге бағытталған, — дейді ведомство басшысы.

Бүгін елордада республикалық ардагерлер ұйымы кеңесінің кезекті пленумы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Бұған дейін Аида Балаева ел кинотеатрларында көрсетілетін фильмдердің мазмұнына бақылау күшейетінін мәлім етті.  Осы орайда кино туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілмек.

Еске сала кетсек, былтыр Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков отандық анимацияның қазіргі жай-күйі туралы депутаттық сауал жолдап, балалар жат идеология құрбанына айналғанын айтқан еді