Халықтың ыстық ықыласына бөленген туындыға арнайы клип түсіріліп, өздерінің ұлттық билері мен кубалық дауылпаздың үні қосылған. Үш жігіттен құралған топ қазақ эстрадасында төрт жыл қатарынан өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін олар Кубада танымал әншілер болған.