«Биыл алғаш рет «Қазақ аруы» байқауына Виктория Петрова есімді ару қатысатын болды. Ол Павлодар қаласы атынан бақ сынайды. Оның қазақ тілін, салт-дәстүрін қаншалықты білетіні бізді таңғалдырды», - деп жазды байқаудың ұйымдастырушысы Баян Мақсатқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы атыраулық Альмира Ахатова болған еді.