бұл қазақ балаларының ақпаратты өте төмен мөлшерде пайдаланып жатқандығын көрсетеді. Бұл жайында бүгін Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Алматыда өтіп жатқан «Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында айтты.
Сондай-ақ ол бізде қазақ тілінде сайт жасайтын арнайы бағдарлама, қазақ тіліндегі түсіндірмесі бар бағдарламалар, дизайнерлерге арналған қазақ тіліндегі шрифтер жетіспей жататындығын айтып өтті. «Сондықтан кейбір веб-дизайнерлер қазақша сайттарды жасауға көп ақша сұрайды. Бүгінгі күні сондай-ақ латын тіліне өту мәселесі де күн тәртібінде тұр. Өкінішке орай айпат секілді ұялы байланыс түрінің қызметтерінде қазақ тіліндегі шрифтер жоқ», -дейді депутат.
Ол сонымен қатар терминологиялық сөздіктер мәселесін мемлекеттік деңгейде шешіледі деп айтып қана қоймай, өз тарапымыздан үлесімізді қосып, әрекет етуіміз қажет екендігін жеткізід.
«Мәселен соңғы кезде гугол, википедия, мемлекеттік тіл бағдарламасы төңірегіндегі және интернеттегі авторлық құқыққа байланысты көтерілген мәселелердің барлығы осы қазақ интернетін дамытуға бағытталған істер», -дейді М.Әбенов.