Қазақ баласын құшағыма басқанда өз ұлым екенін сездім – америкалық ата-аналар Қазақстанға қыдырып келді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ азаматтары асырап алған қазақ балалары тарихи отанына сапарлап келді.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы («Менің Отаным – Қазақстан» жобасы) аясындаұйымдастырылған. Оған ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы АҚШ елшілігіқолдау көрсеткен.

«Бұл бағдарлама үшжылға жоспарланған. Биыл пилоттық жоба ретінде өтеді. 1-5 шілде аралығындаҚазақстанға Испания мен Италиядан екі отбасы (6 адам) келді. Енді АҚШ-тан 64адам (30 бала мен 34 ата-ана) келді. Көптеген шетелдік ата-ана бұл сапарғакелісім берді. Олардың біразы келесі жылға жазылып қойды», - дейді ҚР СІМКонсулдық қызмет депаратментінің бас маманы Әсем Бәйтішова.

Ә. Бәйтішованыңайтуынша, Қазақстаннан 8 704 баланы шетелдіктер асырап алған. Оның 6 мыңғажуығы АҚШ-қа жіберілген. Одан бөлек, балалардың көпшілігі Италия, Испания,Канада, Бельгия, Франция, Ұлыбритания елдерінде тұрады.

Бағдарламақатысушыларының бірі – 14 жастағы Зэндор Шэнон Фролик тарихи отанына АҚШ-тыңКолорадо штатынан келді. Флориктер отбасы Зэндорды 2005 жылы 5 айлығында асырапалған.

«Мен ҚазақстанныңСемей қаласында туғанмын, ал әпкем Қытайда дүниеге келген. Нұр-Сұлтан қаласыұнады, ғимараттары ерекше екен. Қазақстанға келіп тұратын шығармын, бірақ көшутуралы ойламадым. Өскенде кәсіби мотоциклист және кәсіпкер болғым келеді.Қазақша ешқандай сөз білмеймін», - дейді ол.

Зэндордың анасыАзия елдерінен бала асырап алуды армандағанын айтты.

«Біз Азия елдеріненбала асырап алуды армандап едік. Зэндорға дейін Қытайдан қыз бала алдық.Кейінірек, тағы бір сәби сүйгіміз келіп, көршілес Қазақстанға жүгіндік.Зэндормен алғашқы кездесуіміз есімде. Жөргектегі сәби еді. Оны құшағымабасқанда, менің ұлым екенін түсіндім. Содан кейін Қазақстанға енді келіптұрмыз. Кеше этноауылға барып, қазақ ойындарын тамашаладық. Бәйтерекке міндік.Тағамдардан палау мен бауырсақ ерекше ұнады. Әрине, баламызға қазақ мәдениетінбілуі қажеттігін жиі айтамыз», - деді Зэндордың анасы Линда Фролик.


АҚШ-тың СолтүстікКаролина штатында тұратын Чарли мен Аманда Эндрьюс Қазақстанда бірнеше ретболған және 2002 жылы Орал қаласынан бір ұл, бір қыз асырап алған.

«Сэм мен Алисаныбір мезгілде асырап алдық. Қазір олар 18 және 17 жаста. Қазақстан бізге ұнайды,сондықтан осы елден сәби алғымыз келді. Алғашқы кездесуде біз қатты қобалжыдық.Балалар да толқыған шығар. Олар әр түрлі топтан еді. Не бірін-бірі білмейді, небізді танымайды. Қазақстанның халқы ұнағандықтан, дәл осы елден сәби алғымызкелді. Орал қаласын арнайы таңдамадық, бар болғаны біз жүгінген агенттікоралдықтармен жұмыс істеді. Ертең Орал қаласына арнайы барамыз», - деді ЧарлиЭндрьюс.

Сэм мен Алиса біржастарында мұхит асқан және ес білгелі Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

«Мені асырапалғанда бір жасар болған екенмін. Ал биыл мектеп бітірдім. Үйге барған соң,колледжге құжат тапсырамын. Халықаралық бизнес бойынша білім алғым келеді.Алиса мектепке барады. Бос уақытта соккер (америкалық футбол) ойнағандыұнатамыз. Болашақта қазақ тілін үйренгім келеді», - деді Сэм Эндрьюс.

Анасының айтуынша,АҚШ-та Қазақстаннан бала асырап алғандар жиі басқосу ұйымдастырып тұрады.

«Мұндай кездесудіңмақсаты – қазақ балаларын бір-бірімен таныстырып, достастыру. Өзіміз де басқаата-аналармен танысып, пікірлесеміз. Жыл сайын балаларды асырап алған күніқазақтың ұлттық тағамы – ет әзірлейміз», - дейді Аманда Эндрьюс.

Сондай-ақ, СолтүстікКаролина штатының тұрғыны Рич пен Дженин Кламп та балаларына тарихи отандарынкөрсетуді ұйғарған.

«Чарлидің бастапқыаты Евгений еді, біз оны 2003 жылы бір жасында асырап алдық. Маллидің қазақшааты – Айкүн. Оны 2007 жылы екі жасында алдық. Біз бала өсіруді ұзақ зерттедік.Балаларды Қазақстанда алғаш жолықтырғаннан бастап жақсы көріп кеттік. Жұбайымекеумізге бұл – үлкен өмірлік тәжірибе. Біз осылар үшін жаралған сияқтымыз. Біз– толыққанды отбасымыз», - дейді балалардың әкесі Рич Кламп.

Чарли 17 жаста, олақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласында жұмыс істегісі келеді.Маллидің жасы 14-те. Ол өскенде дәрігер болғысы келеді.

«Біз аздап орыстілін білеміз. Әрине, қазақ тілін үйрену де жоспарымызда бар», - деді Малли.

«Мен балаларға,әсіресе Маллиге «Болмайды» деген қазақша сөзді жиі айтамын, - деп күлді әкесі,- Ғаламтордан қазақ мәдениетіне қатысты мәліметті жиі іздейміз. Қазақша ет пенбауырсақ пісіреміз. Қазақтар сондай қонақжай. Ертең балалар дүниеге келгенқалалар - Оралға және Алматыға барамыз».

Ұйымдастырушылардыңайтуынша, шетелдік қонақтар 13-23 шілде аралығында Қазақстанда түрлі шараларғақатысады. ЭКСПО, Ұлттық музей, Бәйтерек сынды елорданың туристік нысандарынанбастап, Алматының тауларын тамашалайды. Этноауылда қазақтың ұлттық ойындарымен,тағамдарымен, салт-дәстүрімен танысады. Бүркіт ұстап, атқа мінеді. Сондай-ақ,балалар ата-анасымен өздері дүниеге келген Қарағанды, Семей, Орал және т.б.өңірлерге барады.



Соңғы жаңалықтар