Ол ширек финалда кілем иесі Сакит Гулиевті жеңсе, жартылай финалда тағы бір қазақ балуаны Жансерік Сәрсембиевті ұтты. Ал финалда әзірбайжандық балуан Орхан Ахмедовпен 3:3 есебімен тең түскен. Төрешілер қауымы белсенді күрескен Нұрсұлтанды жеңімпаз деп таныды.
Қола жүлдегер қатарында Жансерік Сәрсембиев те бар. Ол қола жүлде үшін күресте жапон балуанын жеңді, деп хабарлады alasharena.kz.