АСТАНА. ҚазАқпарат - Моңғолия халық революциясының 96 жылдығына арналған ұлттық мерекегеорай өткен балуандар бәсекесінде қандасымыз Серік Бердімұратұлы «Лашын» атағын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Моңғолиялық KAZNEWS сайтына сілтеме жасап.
Баян-Өлгей аймағының тумасы Серік Бердімұратұлы белгілі моңғол балуаны Т.Баасанхүүді жығып, мемлекеттік «начин» (лашын) атағына ие болды.
Естеріңізге салсақ, Серік Бердімұратұлы өткен жылғы мемлекеттік мерекедегі жарыстың бесінші кезеңінде Моңғолия чемпионы Э.Оюунболд-дан жеңілген болатын.
Бақытжол Кәкеш
Бақытжол Кәкеш - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығын оқыған. 2009 жылдан бері «ҚазАқпарат» ХАА-да шығарушы редактор
болып қызмет атқарып келеді.