Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы - «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің 90 жылдығына арналған журналистік конкурс туралы хабарландыру

АСТАНА. Желтоқсанның 15-і. ҚазАқпарат. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті және ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) өнеркәсіп тақырыбына мамандандырылған қазақ тілді журналистер үшін шығармашылық конкурс жариялайды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Конкурсқа өнеркәсіп тақырыбына маманданған барлық өңірлік және республикалық қазақ тілді басылымдардың журналистері қатыса алады.

КОНКУРС ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ

Конкурсқа 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2009 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі кезеңде аудандық, ведомстволық, қалалық, облыстық, республикалық қазақ тілді газеттерде жарияланған өнеркәсіп тақырыбындағы кемінде үш материал ұсынылуы қажет (газеттің нөмірі және материалдың жарыққа шығу мерзімі көрсетіледі).

Материалдар «конкурсқа» белгісімен 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейін қабылданады.

Конкурс қорытындысы 2010 жылғы 31 қаңтарға дейін шығарылатын болады.

КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Қуаныш Сұлтанов - қазылар алқасының төрағасы, Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

Сауытбек Абдрахманов - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті.

Уәлихан Қалижанов - Мәжіліс депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Бауыржан Омаров - Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы.

Мира Алипинова - ENRC корпоративтік коммуникациялар департаментінің спичрайтер-талдаушысы.

КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА АРНАЛҒАН СЫЙЛЫҚТАР

Конкурс қорытындысы бойынша қазылар алқасы мына орындарды жеңіп алған лауреаттарды анықтайды:

1 орын - бір аталым

2 орын - екі аталым

3 орын - үш аталым

Конкурс жеңімпаздары үшін 1,5 миллион теңге мөлшерінде жүлде қоры белгіленген.

Конкурстық материалдарды мына мекен-жайға жіберу керек:

Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 30 а, 401-бөлме.

 Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз:

 тел: 7 (7172) 592-152, тел/факс: 7 (7172) 592-153, 

press@kz.enrc.com

Конкурсқа ұсынылған жарияланымдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.