Бұл туралы еліміздің белгілі жазушысы Шәкен Күмісбайұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Бұл жүлде сапа мәдениетін әлемге ендіру мақсатында 1986 жылдан бері беріліп келе жатқан сыйлық. Байқауға 118 мемлекеттің компаниялары, бизнес ұйымдары мен мекемелері қатысты. Солардың ішінен қазақстандық баспа жүлдеге ілігіп отыр. Баспаның директоры Шайзада Байкенова. Бұл сөз жоқ біз үшін үлкен табыс. Біз бұл марапатты көк туы желбіреген жас мемлекеттің кітапты сапалы шығару саласындағы үлкен сапа жетістігі деуіміз керек»,-деді Шәкен Күмісбайұлы.
Оның айтуынша жүлденің табыстау рәсімі ағымдағы жылы 7 наурыз күні Швейцарияның Женева қаласында өтеді.