«Қазақ батырлары» лондондықтарды таңғалдырды
15:18, 10 Қараша 2019
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ежелгі жаугергер киімін киіп, қару-жарақтарын асынған қазақ жігіттері Лондон тұрғындарын таңғалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бойлары 2 метрден асатын жігіттермен олар жарыса суретке түсті. Батырлардың флеш-мобы Елизавета ІІ-ші ханшайымның лондондық ресми резиденциясы алдында жалғасты.
«Орда» этно-жобасы аясында Думан, Бектөре, Елуар және Олжас есімді жігіттер екі жылдан бері қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық киімдерін әлем елдері арасында насихаттап келеді.
«Бұл жаққа келудегі мақсатымыз ұлттық киімдерімізді шетелдіктерге көрсету, қазақтың көне ғасырлық тарихын таныту. Ежелгі ата-бабаларымыздың жаугершілік заманда киген ұлттық нақыштағы киімдерін насихаттау»- дейді «Орда» этно-жобасы қатысушысы Думан Әмин.