Қазақ боксшылары Германия және АҚШ құрамасымен бірге жаттығуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Бүкіләлемдік бокс академиясында Қазақстан, Германия және АҚШ құрама командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясы мәліметтеріне сәйкес, жаттығуға Германиядан - 26, ал Америкадан 14 боксшы қатысуда.
 

«Қазақстан командасы үшін бұл 2017 жылғы екінші оқу-жаттығу жиыны. Жиынға техника мен тактиканы жетілдіруге басымдық беріледі. Спортшылар жұптасып жаттығуда және таяу уақытта спаррингтер басталады. ГФР мен АҚШ боксшылары Қазақстанға жыл сайын келеді», - деп атап өткен федерациядан.
 

Айта кетерлігі, биыл қазақ боксшылары екі ірі турнирге қатысады. Оның бірі 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болса, екіншісі  25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Германияның Гамбур қаласында болатын әлем чемпионаты.