«Біз бокстан Қазақстан құрамасының техникалық жарақталуына қарап, қатты таңғалдық. Ауа райының кез келген суығына шыдап, жаттығу жасай беретін сіздердің боксшыларыңызды көргенде, тіптен қайран қалдық. Біз Астанаға келгенде мұнда -18 және -22 градус суықтықты көрсетіп тұрды. Бұл - біздің өңімізге кіріп-шықпайтын дүние», - дейді британдық бапкер бүгін Астанада Ұлыбритания, Қазақстан, Өзбекстан және Ресей құрама командаларының матчтық кездесуі алдында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, британия спортшылары үшін Қазақстан, Ресей және Өзбекстан құрамаларымен қолғап түйістіру үлкен маңызға ие. Себебі бұл елдер үздіктер қатарынан саналады.
«Біз үшін бұл турнирде бірге жекпе-жектер өткізу - үлкен мәртебе. Жолдастық кездесу болса да, мұнда әлемнің ең мықты боксшылары шаршы алаңға шығады. Біз Англияда қазақ боксшыларымен бірнеше рет жұдырықтасқан болатынбыз. Ал Ұлыбритания құрамасы 2013 жылғы Алматыдағы Әлем чемпионатын есепке алмағанда Қазақстанға алғаш рет келіп отыр», - деді Д.Эллоуэй.
Айта кетейік, төрт ел турнирі 16-19 ақпан аралығында Астанадағы «Жастар» сарайында өтетін болады.