Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде Нұрзат Сабыров чехиялық Станислав Эшнермен қолғап түйістірді. Жартылай ауыр салмақтағы қос боксшының жекпе-жегі 6 раундқа жоспарланған болатын. Төртінші раундта Нұрзат өз қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, Нұрзат Сабыров кәсіпқой рингте осымен бесінші жекпе-жегін өткізіп, бесеуінде де қарсыластарын нокаутпен жеңді. Ал өз карьерасында сегіз кездесу өткізіп, бәрінде жеңген Станислав Эшнер тоғызыншы кездесуінде қазақ боксшысынан нокаут алды.
Фото: SPORTINFORM