Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазақ боксшысы 31 желтоқсан күні WBO тұжырымының үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемионы Косей Танакамен (14-0,8КО) жұдырықтасады. Токио қаласында өтетін жекпе-жекте жапондық боксшы жеңіл салмақта WBO тұжырымының әлем чемпионы титулын үшінші рет қорғамақ.
Айта кетейік, Ұлан Төлеғазыұлы жеңіл салмақта үш бірдей бокс ұйымының чемпиондық титулдарын иеленді. Бұған дейінгі жекпе-жектерінде ол WBC тұжырымының күміс белбеуін (WBC Silver Flyweight Title), WBO тұжырымы бойынша Азия-Тынық мұхит чемпионы (WBO Asia Pacific Flyweight Title) және WBA тұжырымы бойынша халықаралық чемпион (WBA International Flyweight Title) белбеулерін жеңіп алған болатын. Ол осы салмақтағы BoxRec әлемдік рейтингінде 9-орында тұр.