ойындарының барлық жүлделі орындарын Қазақ-Британ техникалық университетінің командасы жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жарыс Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтті. Қатысуға Қазақстанның әр аймағынан барлығы 87 өтініш келіп түскен. Іріктеуден 62 команда өтті. Жоғары оқу орындары арасындағы командалық есеп бойынша бірінші орынды Қазақ-Британ техникалық университеті, екінші орынды Сүлеймен Демирель атындағы университет иеленсе, үшінші орынға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ие болды.
Жартылай финал жарыстары қараша айының 10-ы мен 11-і күндері аралықтарында Санкт-Петербург, Барнаул, Ташкент қалаларында өтетін болады.