«Кітапхана оқырмандары мен кітапханашылардың ой пікірлері еліміздің көне тарихын таныта, жаңғырта отырып жарқын болашағына бастайтын нақты қадамдарын көрсететін ірі жобалар тұсында бір арнаға құйылды деуге болады. Шынында да «Архив - 2025» , «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу» т.б. жобалар жүрегімізде болашаққа деген үлкен сенімді ұялататыны сөзсіз. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы», - дейді «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» директоры Гүлбадан Мадибаева.
Оның айтуынша, қазақ даласынан табылған құнды археологиялық ескерткіштер және тарихи бір кезеңге тән материалдық заттар туралы ақпараттарды таныстыру, ұлт қаһармандары, батырлар мен тарихи тұлғалар өмірбаяндарын насихаттауды кітапхана жұмыскерлері алдынғы міндеттеріне қойып отыр.
«Елбасының «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деген сөздері кітапханаға келген әр оқырманға шамшырақтай әсер етті деп ойлаймын», - дейді ол.