Қазақ даласының тарихы жайында Қытайдан 3,5 мың құнды құжаттар жеткізілді

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған экспедициялар барысында Қазақстан ғалымдары Қытайдан қазақ даласының тарихы мен мәдениеті жөнінде бұдан бұрын зерттелмеген 3,5 мыңға жуық бірегей құжаттарды алып келді.

Бұл туралы ТМД елдері кітапханашыларының форумында аталған ведомствоның басшысы Дархан Мыңбай айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан тарихынан сыр шертетін құжаттық мәліметтерді барша әлемнен жинақтауға негізделген  аталған бағдарламаны жүзеге асыру мерзімінде ғылыми-зерттеу экспедициялары Түркия, Монғолия, Ресей, Жапония, Мысыр, АҚШ және Батыс Еуропа елдеріне барды.

«ҚР Ұлттық кітапханасының қоры тарих, өнер бойынша 5 мыңнан астам құнды мұрағаттық құжаттармен толықты»,-деп түйіндеді Д. Мыңбай.