Жас IT маманы бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында мәлім етті.
Оның айтуынша, ойынның негізгі сюжеті қазақтың бай мәдениеті мен тарихын таныстыруға бағытталған. Жоба қазіргі жас буынның бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
– Менің ойымша, өте тиімді. Қазіргі таңда мен өзімнің үйдегі інімнен де, басқа балалардан да байқап жүрмін: олар ойынға қызығып ойнай отырып, қазақтың мәдениетін де үйрене алады, – деді Есбол.
Сондай-ақ ол жобаның балаларға арналған нұсқасы әзірленіп, ал болашақта ересектерге арналған кеңейтілген нұсқасын шығару жоспарланып отырғанын жеткізді.
Айта кетейік, көктеммен бірге келетін Наурыз – жаңару мен бірліктің символы. Соңғы жылдары мереке тек бір күнмен шектелмей, онкүндік форматта аталып келеді.