Алматыда өткен «Ұлы майдан» турнирінің бағдарламасында Қазақ Жапония өкілі Ватанабе Татсуямен кездесті. Табанды кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.
Осы кездесудің алдында Alash Pride-тан Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті ұтса, Шешенстан Республикасының спортшысы Лом Али Медиев Азамат Баходурзодудан басым түсті. Осылайша Alash Pride пен әлем құрамасының арасындағы кездесудің есебі 7:5-ті көрсетіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.