Антикор таратқан дерекке қарағанда, Байсеркин өзінің орынбасары Әбішевтің көмегімен кәсіпкер Толемісовадан медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі консорциум шарты шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз орындағаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
- Сот үкімімен Байсеркин мен Әбішевке әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сол үкіммен Төлемісова аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп жазды ведомстводан.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, қазақстандықтар жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады.