«Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің  22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, қыркүйектің 23-і күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мағжан Жұмабайұлының лирикасы бойынша «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған...» атты поэтикалық марафон өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шара «Бір ел - бір кітап» акциясы шеңберінде өткізілгелі тұр.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясы барысында Мағжан поэзиясын тереңірек зерттеуге мән берілген.

Ертең өтетін поэтикалық марафонға елімізге танымал ақын-жазушылар, Мағжанның өмірі мен шығармашылығын зерттеуші ғалымдар қатысады. Ақынның өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқылады деп күтілуде.

Бұл марафонның мақсаты - қазақ поэзиясына маржан жырларын қалдырған Мағжан ақынның бай мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетімізді ұлықтау, сол арқылы жас ұрпақ бойына патриоттық сезімді сіңіру.