деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оралмандардың «Асар» республикалық бірлестігі, Тілдерді дамыту басқармасы, Көші-қон комитеті мен басқа да құзіретті органдардың қатысуымен өтіп жатқан құрылтайда елімізге қоныс аударған қандастарымыздың әлеуметтік - құқықтық мәселелері талқылануда. Еуразия ұлттық университетінің Қазақ тілін дамыту ұйымының жетекшісі Рымхан Әбілханұлының айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты - елімізге келіп, оқуға түскен оралман - жастардың өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын табу. «Ал, ең бастысы, біз шет елден келген қандастарымызды қазақи ортаға емін-еркін сіңіп кетулеріне жағдай жасауға тиіспіз. Олардың мемлекеттің мүддесі мен елдің егемендігін қорғау жолында бізбен бірге қызмет жасауларына көмектесуге міндеттіміз»,-дейді Р.Әбілханұлы.
Құрылтайдың ұйымдастырушылары - Оралмандардың «Асар» республикалық бірлестігі және Еуразия ұлттық университеті жанындағы Оралмандар кеңесі.