«Қазақ Елі» монументіндегі жазулар өшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақ Елі» монументіндегі жазулар өшірілді. Бұл туралы Астана Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады.

«Қазақ Елі» монументінен табылған жазуларды өшіру жұмыстарын жүргізген. Жазуларды бояуға кәсіпқой альпинистер тартылды. 

Монументтің ұшар басында Самұрық құстың айналасындағы жапырақшалардың ішіне жазылған жазулар Наурыз мерекесін тойлау кезінде дроннан түсірілген бейнені көргенде байқалған.
Ескерткіштерді қорғау саласының мамандары мен мүсінші Мұрат Мансұровтың пайымдауынша, монументтегі жазулар оны орнатқан құрылысшылардың ісі болуы мүмкін.
Монументтегі жазуларда видеоблогер Тәңірберген Бердіоңғар тапқан болатын. Астанада Наурыз мерекесін тойлау кезінде дрон арқылы әуеден түсірілген видеоны қарап отырып ол монументтің ұшар басынан «Мұрат», «Бердiбек», «Тараз» деген сөздерді тапқан. Осыған қатысты тұсты видеороликтің 16 минут 19 секундында байқауға болады.