Қазақ еліне тағы бір жеңіс сыйлаймыз - Қанат Ислам

АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде қазақстандық боксшы Қанат Исламның кезекті жекпе-жегі алдында өткен баспасөз мәслиxатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Жарысқа тағы бір апта қалды. Алла жазса, Қазақ еліне тағы бір жеңіс сыйлаймыз деп ойлаймын. Артымызда xалқымыз, жұртымыз бар. Сол xалқымыздың үмітін ақтаймыз деп ойлаймын. Тақымдарыңызды қысып, жанкүйер болып отырғандарыңызға рақмет! Қазақ елінде, Қазақстанда жеңісті күндер көп болсын!", - дейді Қанат Ислам. Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та өз лебізін жеткізді. "Бәрі дұрыс, бәрі жақсы. Жаттығуларды бастап жатырмыз. Алдағы кездесуге дайынбыз", - дейді Тұраров. Баспасөз мәслиxатына арналған видеодан бөлек Қанат Исламның дайындығы туралы бейнебаян жарияланды.

Айта кетейік, Ислам - Гонсалес жекпе-жегі 26 мамырда Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Аталған жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA Intercontinental титулы сарапқа салынады. 27 мамырда таңертең «Казақстан» және «Kazsport» телеарналары Қанат Исламның жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді. Сондай-ақ  бұл кеште  қазақстандық Жанқош Тұраров та  (20-0, 14 КО) рингке шығады. Оның қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО).