Қазақ ғаламтор кеңістігі жаңа жобамен толықты

АЛМАТЫ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақ тілді ғаламтор кеңістігі www.ult.kz  қоғамдық-саяси интернет басылымымен толықты.

Ол Қазақстандағы ахуалды жан-жақты бақылап, саясаттағы, әлеуметтегі, экономика мен бизнес саласындағы соңғы ағымдар мен жаңа бағыттар туралы жаңалықтар, мақалалар мен талдау қорытындыларын жариялап отырмақ. Ортақ саяси кеңістікте мүдделі тараптардың бәріне ашық пікірталас алаңына айналуды көздейтін бұл басылым қоғам мен билік арасындағы дәнекер болуды алдына мақсат етіп қойып отыр. Сондай-ақ ғаламтордағы  қазақша ақпараттық қорды сапалы, әрі мазмұнды ресурспен толықтыруға атсалысып, қазақ оқырманына ашық әрі сан қырынан талданған материалдар ұсынып, төл баспасөзіне айналуға ұмтылады.