Қазақ ғалымы Кембридж университетінің экономика саласындағы айырықша ерекшеліктегі медалімен марапатталды

АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат  - Қазақ ғалымдары арасында тұңғыш рет академик  Сағындық Сатыбалдин  Кембридж университетінің Халықаралық библиографиялық орталығының  экономика саласындағы айырықша ерекшелік медалімен марапатталды.

 Оны кеше Алматыда Алматы қаласының әкімінің орынбасары  Серік Сейдуманов салтанатты жиында табыс етті. Ол ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасының профессоры  Сағындық Сатыбалдыұлының  75 жасқа және ғылыми-педагогикалық қызметтіне  50 жыл толуына арналған шара болатын.

Сағындық Сатыбалдыұлы осы уақытқа дейін 500-ден астам ғылыми еңбектерді, 20-дан астам  монографиялар шығарған еліміздің экономика саласындағі білікті ғалымдарының бірі. Оның еңбектері  ТМД елдері мен АҚШ, Вьетнам, Жапония, Болгария, Швеция сияқты алыс шет мемлекеттерде  жарық көріп жүр.